Таиландтағы үңгірде қамалып қалған балалардың екеуі табылды - БАҚ

БАНГКОК. ҚазАқпарат - Таиландтағы Кхао Луанг үңгірінде қамалып қалған 13 адамның екеуі табылды. Олар үңгір ішінде екі апта болған. Бұл туралы ТАСС агенттігі жексенбілік Khaosod газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Таиландтағы үңгірде қамалып қалған балалардың екеуі табылды - БАҚ

«Үңгірден екі бала табылды. Олар үңгірден шығу үшін 4 шақырымдай жолды басып өткен», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 23 маусым күні Таиландтағы ұлттық парк қызметкерлері үңгірге кіре берісте мотоцикл мен велосипедтерді, спорттық жабдықтарды тауып алған. Олар жергілікті футбол командасына хабарласып, ол жақтан табылған заттардың шынында да 11-16 жас аралығындағы 12 мектеп оқушысына және 25 жастағы бапкерге тиесілі екенін растаған. Олар адасып кеткен үңгірдің іші 10 шақырымдық жолдарға бөлінген. Бірнеше шығатын және кіретін бөліктері бар. Таиланд билігі үңгірде хабарсыз кеткен балаларды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.