14:38, 03 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Таиландтың оңтүстігіндегі су тасқынынан 25 адам қаза тапты
БАНГКОК. KAZINFORM – Таиландтың оңтүстігіндегі су тасқынынан кемінде 25 адам қаза тапты. Бұл туралы Bangkok Post хабарлады, деп жазады ТАСС.

Табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою департаментінің мәліметінше, оңтүстік провинциялардағы ұзаққа созылған нөсер жаңбыр салдарынан 3,7 мыңға жуық елді мекенді су басқан.
Табиғат апаттан барлығы болып 660 мыңнан астам үй шаруашылығы зардап шекті.
Су тасқынынан зардап шеккен провинциялар Таиландтағы танымал туристік маршруттардан алыс орналасқан. Зардап шеккен туристер туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Таиланд пен Малайзия су тасқынының жаңа толқынына дайындалып жатқаны туралы жазып едік.