Таиландтың ежелгі астанасы су астында қалды

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Таиландтың ежелгі астанасы Аютхаи су тасқыныынң салдарынан су астында қалды, судың деңгейі екі метрге дейін көтерілді, деп хабарлады Bangkok Post газетінің электрондық нұсқасы.

Таиландтың ежелгі астанасы су астында қалды

Сондай-ақ оның маңындағы машина жасау өндірісі үшін электрондық компоненттер шығаратын индустриялық паркті де су шайып кетті.

Аюттхаи провинциясының көптеген аудандары айдан аса уақыттан бері биіктігі біржарым-екі метрге дейін суға батқан, дегенмен Бангкоктан 60 километр жерде орналасқан 16-18 ғасырлардағы тарихи ескерткіштердің көпшілігі салыстырмалы түрде қауіпсіз деуге болады. Өткен сәрсенбі күні Чаопрайя өзені Ват Чай Ваттханнарам ежелгі храмы қирандыларының маңында жасалған құм салынған қаптар бөгесінін бұзып кетті. Он минуттің ішінде храм аумағы және екі жүзден астам үйлер суға кетті. Оның маңына таяу орналасқан 500 жылдық тарихы бар Пом Пхет форты да осы кепке душар болды.

Жаңбыр маусымының аяқталуы қазанның ортасына қарай болады деп күтілуде. Дегенмен сарапшылар биыл әдеттегі мерзімінен бұрын басталған жауын созылуы мүмкін.