Таиландтың оңтүстігінде екі жарылыс болды

АСТАНА.  Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат -  Таиландтың  оңтүстігінде  орын  алған    екі    лаңкестік  әрекеттің салдарынан    ең аз дегенде   14 адам   жарақат  алды, 
None
None

 деп хабарлайды РБК агенттігі.

Жергілікті  бұқаралық ақпарат  құралдарының  хабарлауынша,    бірінші    жарылғыш құрылғы   Паттани  қаласында дүкендердің бірінің  жанына  қойылған мотоциклге  бекітілген  болып  шықты.      Осыдан кейін     бірінші  жарылыс болған    жерден 100 метрдей жерде  екінші  бомба  іске  қосылған.

 Таиланд   құқық қорғау  органдары  бұл  лаңкестікке   сепаратист-содырлардың   қатысы  бар деп күдік келтіруде. Соңғы    бірнеше аптада  содырлар жиі  бас көтеріп       Таиландтың  оңтүстік провинцияларында бірнеше лаңкестік әрекетін  жасады.  Айта кету керек, әдетте  олардың  шабуылдарының   нысаналары - бейбіт тұрғындар  емес,     үкімет армиясының әскерилері болып келеді.

 Таиландтың  оңтүстік өңірлеріндегі конфессиялық    қақтығыстың  тамыры ХХ ғасырдың басынан, Таиланд    халқының басым  бөлімі мұсылмандар болып табылатын    Наратхиват, Яла және  Паттани    провинцияларын   күшпен қосып  алуынан  басталады.  Тайлықтардың көпшілігі  буддизмді  ұстанады.    2004  жылдан бері    ұлысаралық  қақтығыстардың салдарынан  елде 3,7 мыңнан  астам адам  қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар