Таиландтың орталық провинциясы алапат тасқынның астында қалуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың Бангкокке көрші орналасқан орталық провинциясында  су тасқыны болуы мүмкін, делінген Таиландтың Корольдік ирригация департаментінің мәлімдемесінде, деп хабарлады сәрсенбі күні жергілікті және шетелдік БАҚ.

Таиландтың орталық провинциясы алапат тасқынның астында қалуы ықтимал

Толассыз жауған жаңбыр суының салдарынан  су қоймаларында жаңбыр суының аса көп мөлшерде жиналуына және солтүстік таулы провинциялардан ағып келетін өзендердің жаңбыр суына толуына байланысты департамент сейсенбіден бастап қазіргі уақытта 90-100% толтырылған суармалы су айдындарының ұлттық желісінен суларды шығаруға және айдауға кірісті, делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Чао Прайя өзеніндегі судың деңгейі маусымдық нормалардан асып түсіп, 0,8-1,5 метрге жетті. Шлюз ашылғаннан кейін су қоймасындағы су секундына 2600 текше метр жылдамдықпен ағуда.

Еске сала кетсек, 2011 жылы Таиландтың солтүстігіндегі апатты су тасқыны салдарынан Бангкок аумағының үштен бірін су басып, Тайланд астанасының экономикасына үлкен залал келтірді.

Фото: © РИА Новости / Виталий Аньков