Таиландтың жаңа королі таққа 1 желтоқсанда отырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта мұрагер ханзада 63 жастағы Махи Вачиралонгкорннің 1 желтоқсанда таққа отыруына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы әскери үкіметтегі екі дереккөз мәлім еткен. Олар сондай-ақ ханзада қазіргі уақытта жеке шаруаларымен Германияда жүргенін, бірақ қараша айында қайтып оралатындығын атап өтті.
«Біз дайындық үстіндеміз, 1 желтоқсанға дейін барлығы дайын болады», - деді дереккөз.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлыбританияда мыңдаған тайлық дүниеден озған патша Пхумипон Адульядеттің аруағына тағзым ету үшін Трафальгарск алаңына шықты. Патша Пхумипон Адульядет билік басында ең ұзақ болған (70 жыл) монарх, ол 13 қазан күні 89 жасында қайтыс болды.