Такехико Накао Азия даму банкінің президенті болып қайта сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия даму банкінің (АДБ) басқарушы кеңесі Такехико Накаоны бірауыздан ұйымның президенті ретінде 5 жыл мерзімге қайта сайлады, деп хабарлайды АДБ баспасөз қызметі.

Такехико Накао Азия даму банкінің президенті болып қайта сайланды

Такехико Накао - АДБ тоғызыншы президенті. Алғаш рет бұл қызметке Харукидо Куроданың орнында, 2013 жылдың сәуірінде үш жарым жыл мерзімге келген еді.

Дауыс беру нәтижесі жарияланған соң, Такехико Накао АДБ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы негізгі институт ретінде бұдан да жоғары жетістіктерге жетуі үшін  өзінің бар күш-жігерін жұмсайтындығын мәлімдеді.

Такехико Накао жұмыс істеген жылдары ұйым елеулі институционалдық реформаларды іске асырды, оның ішінде әр елде тұрақты өкілдіктерге ауқымды уәкілдіктер беру де бар.

Такехико Накао жұмыс істеген алғашқы жылдары банк өзінің стратегиялық басымдықтарын қайта құрды және несиелеу әлеуетін 2014 жылы 13 миллиард доллардан  2020 жылға қарай 20 миллиард долларға дейін көтерді. Ал 2015 жылы АДБ бекіткен займдар мен  гранттар рекордтық $16.3 миллиардқа жетті.