«Тақиялы періште», «Ертұғрыл», «Ва Банк»: қызылордалық оркестр танымал санудтректерден концерт қойды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордадағы Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі тыңдарманға әлемдік кинофильмдерден саундтрек концертін ұсынды. Бұл туралы филармонияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Тақиялы періште», «Ертұғрыл», «Ва Банк»: қызылордалық оркестр танымал санудтректерден концерт қойды
Фото: Kazinform

Оркестрдің көркемдік жетекшісі — Самат Абылаев, концерт режиссері — Азиза Іздіқұлова. Ал оркестрге Руслан Балмасов дирижерлік жасады.

«Тақиялы періште», «Ертұғрыл», «Ва Банк»: қызылордалық оркестр танымал санудтректерден концерт қойды
Фото: Kazinform

- Кеште оркестр «Черная любовь», «Ертұғрыл», «Ва Банк», «Ромео и Джульетта», «Мадагаскар», «Пираты Карибского моря», «Тақиялы періште» және «Нурикамал» сияқты культтік кинофильмдер мен мультфильмдердің танымал әуендерін ойнады. Концертте халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ринат Үсенов, Динара Қыдырбай, Айсұлу Әбді, Жалын Жүсіпов және Асхат Құрманалиев (гобой) өнер көрсетті, - делінген хабарламада. 

«Тақиялы періште», «Ертұғрыл», «Ва Банк»: қызылордалық оркестр танымал санудтректерден концерт қойды
Фото: Kazinform

Облыстық филармония ұжымы тағы бір музыкалық маусымды осылай қорытындылады.

Ал жуырда Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай Қызылордада КСРО Халық артисі Сәбира Майқанова атындағы халықаралық театрлар фестивалі өтті.

Соңғы жаңалықтар