Такси қызметіне қатысты түзетулер көлеңкелі нарықты ұлғайтады - қауымдастық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның такси қызметтері республикалық қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов Сенатта қаралып жатқан таксистерге қатысты түзетулер көлеңкелі нарықты ұлғайтуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ҚазАқпарат «Атамекен» ҰКП сілтеме жасап хабарлайды.
None

Жаңа түзетулерге сәйкес такси қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын жеке тұлғаларды тасымалдаушы деп таныған жағдайда таксидің көлеңкелі нарығы ұлғайып кетпек.

Қазіргі кезде осы қызметтерді «Автомобиль көлігі туралы» заңды бұза отырып, жеке тұлғалар интернет-платформаларды пайдалана отырып көрсетіп жатыр.

«Осы түзетулерге қатысты бірқатар сұрақ бар. Мысалы, BUS LANE компаниясы – кез-келген жеке тұлға такси қызметімен айналыспаса да хабарлама арқылы автобус жолағымен жүре алады. Интернет-платформалар жүргізушілер - жеке тұлғаларға жолаушылардан алынатын төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлеуді қалай жүзеге асырады? Қазір жүргізушілерді интернет-платформаларға тартып, тіркейтін және жүргізушілерге төлемдерді өз комиссиясын ұстап, жүзеге асыратын таксопарктер бар. Бұл таксопарктер машиналарды техникалық байқаудан өткізу және жүргізушілерді медициналық тексеру бойынша қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамайды», – деп атап өтті Қазақстанның такси қызметтері республикалық қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов.

Еске салсақ, өткен апта Еңбек министрлігінде өткен жиында такси қызметіне қатысты заңнамаға қандай өзгертулер енгізу жоспарланып отырғаны талқыланды.

Жалпы Қазақстан ТМД-да такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында.


Соңғы жаңалықтар