Такси жүргізушісі ақшасы жетпеген студентті жалаңаш жүгіруге мәжбүрлеген

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Украинаның Тернополь қаласында такси жүргізушісі ақысын аз төлеген жолаушы студентті көшеде жалаңаш жүгіруге мәжбүрлеген.
None
None

Бұл туралы BAQ.KZ жазады.

Түнгі клубтан кештете шыққан студент такси тоқтатып, баратын жерін нақты түсіндіре алмайды. Бірақ басын айтсаң аяғын өзі тауып баратын такси жүргізушісі мекен-жайды таппай әуреге түседі. Түнгі клубтан масаң күйде шыққан жолаушыны ұйқысынан оятып, 92 гривен сұрайды (шамамен 2 мың теңгеге жуық ақша). Студент қалтасынан бар-жоғы 50 гривен шығарады. Ашуға мінген жүргізуші достарын шақырып, студентті күштеп жүк салатын орынға салады. Содан түнгі клубтың автотұрағына барып, жалаңаш жүгіруге мәжбүрлейді. Түнгі клубтан шыққандар араша түсудің орнына ұялы телефонына түсіріп, қызық көреді. Такси жүргізушісі 50 гривенін алып, айфонын қоса жымқырады. Ал студенттің танысы кездесіп,көмек беріп, үйіне жеткізіп салады.
Ертесіне студентті жәбірлеген такси жүргізуші ұсталып, ұрлық жасады, адамға жәбір көрсетті деген айыппен үстінен іс қозғалған. 

Соңғы жаңалықтар