Такси жүргізушісі мас жолаушыны сабап, 1,5 миллионын алып кеткен
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде такси жүргізушісі жолаушысының 1,5 миллион рублін тартып алған.
Бұл туралы Мәскеу ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған жағдай 25 желтоқсан күні Голубинский көшесінде орын алды. Жапа шегушінің сөзіне қарағанда, ВАЗ-2109 жүргізушісі оны сабап, ақшасын тартып алған да көліктен түсіріп кеткен. Аталған оқиға бойынша «ұрлық жасау» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Тоналған ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның мас екендігін тіркеді.