Таксимен 69 мың шақырым жүріп өтіп, Гиннес рекордтар кітабына енді

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Ағылшындық бір топ адам такси көлігімен жүруден ең ұзақ саяхат жасады.
None
None

Пол Арчер, Джонно Эллисон мен Ли Пернелл көлікпен 69 мың шақырымнан астам жерді жүріп өтті.  Олардың сапары бір жыл үш айға созылды, осы уақыт ішінде төрт құрылықтың 50 мемлекетінде болып үлгерді, деп хабарлады BBC News.

Журналистермен әңгімелесу кезінде Арчер, таксимен саяхатқа аттану идеясы 4 жыл бұрын келгендігін айтты. Нәтижесінде Арчер, Эллисон мен Пернелл жұмыстарынан өз еріктерімен шығып, eBay онлайн-аукционында ескі такси көлігін сатып алды. Олар саяхатқа барлығы 80 мың фунт стерлинг (90 мыңнан астам еуро) жұмсады.  

Ағылшындықтар үйлеріне 2012 жылдың 11 мамырында оралды. Лондонда оларды бірнеше ондаған астаналық таксиші қарсы алды. Гиннестің рекордтар кітабы Арчер, Эллисон мен Пернеллдің сапарын такси көлігімен жасалған ең ұзақ саяхат деп таныды.

Соңғы жаңалықтар