«Тақталас» соңғы кезеңінің премьерасы кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - HBO кабельдік желісі «Тақталас» жаңа кезеңінің премьерасы өтетін күнді анықтады. Ол әдеттегіден кешірек - 16 шілдеге жоспарланды.
None
None

HBO премьера күнінжария ете отырып, телешоудың тизерін жария етті. Бұл кезең қысқа болады, бұрынғысынша он бөлімнен емес тек жеті сериядан тұрады. Әдетте «Тақталас» жаңа кезеңдері көктемде ұсынылса, бұл жолы түсірілімнің кестесіне байланысты шегеруге тура келген.

«Тақталас» жұртшылықтың көңілінен шыққан телетуындылардың бірі. Киносага телвизиялық хикаялар үшін түрлі деңгейдегі марапаттар бойынша рекорд орнатқан. 2016 жылы «Эмми» сыйлығын тапсыру рәсімінде техникалық бөлімі (кастинг, визуалды эффекті және т.б.) үшін тоғыз марапатқа ие болды.

Бұдан бөлек, «Тақталас» көшірмесі заңсыз көп таралатын телехикая болып табылады. 2018 жылы шығатын сегізінші кезең телехикаяның ең соңғысы болуы мүмкін. 
 

Соңғы жаңалықтар