Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Тақтар ойынының» жұлдызы Қазақстан туралы әсерімен бөлісті

АСТАНА. KAZINFORM — Comic Con Astana 2026 фестивалінің қонағы, даниялық актер Николай Костер-Вальдау Қазақстанға алғашқы сапары жайлы әңгімеледі. 

«Тақтар ойынының» жұлдызы Қазақстан туралы әсерімен бөлісті
Фото: Kazinform

«Тақтар ойыны» сериалындағы Джейме Ланнистер рөлімен танылған актер Қазақстанның кеңдігіне, ұлттық тағамдарына және елорданың көрікті орындарына тәнті болғанын айтты.

— Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Мұндағының бәрі қатты ұнады. Елдеріңіз кең-байтақ екен. Әсіресе ұлттық тағамдарыңыз ұнады. Соның ішінде еттің дәмі ерекше екен. Тіпті осы бір күннің өзінде соңғы үш жылда жегенімнен де көп ет жеп қойған шығармын, — деп күлді актер.

Сондай-ақ актер Бәйтерек монументіне көтеріліп, дәстүр бойынша алақанын қойғанын жеткізді.

— Бәйтеректің төбесіне көтеріліп, алақанымды қойдым. Сол жерде тілек те тіледім. Бірақ қандай тілек тілегенімді айтпаймын, ол — құпия. Бір ғана нәрсені айта аламын: Қазақстанға тағы да оралғым келеді, — деді Николай Костер-Вальдау.

Еске салайық, бүгін елордада Comic Con Astana 2026 фестивалі басталды.