Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Тақтар ойынының» жұлдызы жаңа жобасы туралы айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Даниялық актер Николай Костер-Вальдау қазір жаңа фильмнің түсіріліміне қатысып жатқанын айтты.

«Тақтар ойынының» жұлдызы жаңа жобасы туралы айтты
Фото: kino.mail.ru

Comic Con Astana 2026 аясында өткен баспасөз мәслихатында актер алдағы шығармашылық жоспары жайында сөз қозғады.

— Қазір режиссер Рик Роман Вомен бірге жаңа фильм түсіріп жатырмыз. Бұған дейін де онымен бірге жұмыс істедім. Оның Shot Caller фильмі мен үшін ең маңызды туындылардың бірі. Сондықтан бұл жоба да ерекше болады деп ойлаймын, — деді Николай Костер-Вальдау.

Актер жаңа фильмі туралы әзірге толық ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Дегенмен бұл жоба өзіне ерекше жақын екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол қазір сценарийдің қызықты болғанынан бұрын, айтары бар туындыларды таңдауға мән беретінін жасрмады.

— Мен үшін фильмнің жай ғана қызық болғаны жеткіліксіз. Оның көрерменге ой салғанын, белгілі бір мәселені көтергенін қалаймын. Сондықтан осындай жобаларға қатысуға тырысамын, — деді актер.

Бұған дейін Comic Con Astana 2026 фестивалінің қонағы, даниялық актер Николай Костер-Вальдау Қазақстанға алғашқы сапары жайлы әңгімелеген еді.