«Тақтар ойыны» сериалында ойнаған актер Йохан Филип Асбек елордаға келеді
«Поп-мәдениет жанкүйерлері ғылыми-фантастикалық фильмдер, сериалдар, комикстер, аниме мен манга әлеміндегі басты тұсаукесерлерді тамашалай алады. Фестивальге Marvel, Cartoon Network телеарнасы, Nickelodeon телеарнасы, Sony Pictures Television студиясы, Wargaming компаниясы («World of Tanks» ойынымен) және НВО телеарнасы («Тақтар ойыны» сериалының стендімен) сияқты әлемдік брендтер қатысады. Хедлайнер «Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымының актерлерінің бірі, Эурон Грейджой рөлін сомдаушы - Йохан Филип «Пилу» Асбек болмақ», - деп жазды ол.
Мұнан басқа, әкім орынбасарының атап өтуінше, танымал қазақстандық «Ninety One» Q-pop тобы фестивальдің жабылу салтанатында өнер көрсетеді. Сонымен қатар іс-шараға Қазақстан мен ТМД елдерінен 30-дан астам блогерлер мен косплеерлер келеді. Ал авторлар аллеясында 50-ден астам комикс-баспашы, иллюстратор мен суретші бас қосады.
Comic-Con - негізі 1970 жылдарда АҚШ-та қаланған, жыл сайын өтетін халықаралық фестиваль. Қазіргі таңда Comic-Con-да жеті жүзге жуық түрлі іс-шаралар өтеді. 350-ден астам поп-мәдениет көпшіліктің назарына ұсынылады.