09:00, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Тақуа мұсылмандарға арналған іздеу сервисі іске қосылды
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Нидерландыда орналасқан Media Group AZS компаниясы ImHalal іздеу сайтын тестілеуге қосты. Сервис тақуа мұсылмандарға арналған және оларға шариғатқа қарсы келмей интернетті пайдалануға көмектесуі тиіс,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Жаңа іздеу сервисі мұсылмандарға рұқсат етілген іздеудің халал нәтижелерін тыйым салынған харамнан ажырата алады. Сервис мұсылманға келесі бетте ол үшін жат ақпараттың бар болуы мүмкін екендігі туралы ескертуі тиіс.
Көрсету ролигінде «Haram» сұрауы енгізілген кезде жүйе харам рейтингін - үшеудің екеуін көрсетеді.
Соңғы жылдары мұсылмандар интернетте барынша белсенділік танытып келеді. Тақуаларға торда жұмыс істеу кезінде діни тыйымдардан аттап кетпеуіне мүмкіндік беретін құралдардың болмауы жаңа іздеу сервисін іске қосуға себепші болды. Media Group AZS компаниясы ImHalal іздеу сайты барлық мұсылман отбасылары үшін бастапқы бет болады деп үміттенеді.