Талдықорған әкімдігі дайын желіні сметаға қосып, 160 млн теңгені ысырап етпек болған

Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Kazinform.

инженерные сети теплотрасса
Иллюстрациялық фото: avitekengineering.ru

Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар салған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізуге кеткен шығыстарды қосып жіберген. 

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатына көрсетілген сома мен жұмысты алып тастау арқылы түзету енгізілді.

«Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды» дейді прокуратурадан.

Соңғы жаңалықтар