Талдықорған – Өскемен тас жолында «Жедел жәрдем» көлігі апатқа ұшырады
Алматы – Өскемен автожолының Жетісу облысы аумағындағы бөлігінде жол апаты болып, үш бірдей көлік соқтығысты, деп хабарлайды Kazinform.
Көліктің бірі Ақсу ауданындағы ауруханаға тиесілі болған. Апаттан екі медицина қызметкері зардап шекті.
«Оқиға «Алматы-Өскемен» автожолының 337 шақырымында орын алды, онда «Мазда-626» жеңіл автокөлігі, «КамАЗ» жүк көлігі және «JAC» жедел жәрдем көлігі соқтығысты. Жол апатынан екі дәрігер зардап шекті. Олар әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің бірі кейін амбулаториялық емделуге жіберілді», деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Қазір апатқа ұшыраған автокөліктер арнайы автотұраққа орналастырылып, қажетті сараптама тағайындалды.