Талдықорғанда қыз баланың мәйіті табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорған қаласында көп қабатты үйдің ауласынан мәйіт табылды. Құзырлы орган өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

суицид
Фото: instagram.com/taldykorganec.7282

— 8 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы 12 қабатты үйдің кіреберіс ауласынан қыз баланың денесі табылды. Қазіргі уақытта бұл оқиға байланысты ҚР ҚК-нің 105- бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Еске салайық, осыған дейін Жетісу облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артқанын және Талдықорғанда жер үйдегі газ жарылысынан тағы бір адамның көз жұмғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар