Талдықорғанда қыз зорлады деп айыпталған полиция бастығы Марат Күштібаевтың соты басталды

марат күштібаев
Фото: Талдықорған қалалық ПБ

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды.

«Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр» деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. 

Мәліметке сенсек, қылмыс оның кабинетінде болған.

Соңғы жаңалықтар