Талдықорғанда нашар көретін адамдарға жолды кесіп өтуге арналған жаңа құрылғы ойлап табылды

білім
Фото: Назарбаев зияткерлік мектептері

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Анар Нұрмахан бағдаршам сигналдарын дауыспен сүйемелдеудің бірегей жүйесін жасады. Құрылғыны өңірдің БАҚ өкілдеріне Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында таныстырылды.

Шаһарда 1973-тен астам көру қабілеті нашар адамдар бар. 200 бағдаршамның кейбірі ғана осындай құрылғылармен жабдықталған. Сондықтан, «It Servise education» жастар қоғамдық бірлестігі мен Назарбаев Зияткерлік мектебі 2023 жылдан бастап нашар көретін адамдарға көмектесетін құрылғы жасауға бағытталған жаңа жобаны бастаған. Бүгінде құрылғы төрт маусымдық тестілеуден өтуде.

«Құрылғы қуатты динамикпен жабдықталған және дыбыстық хабарламаларды мемлекеттік тілде таратады. Ол сіз кесіп өтпекші негізгі көшенің атын хабарлайды және бағдаршамның жасыл жанғанша уақытын санайды. Бұл нашар көретін адамдарға жаяу жүргіншілер өткелдерін оңай табуға, көше атауларын білуге және қиылыстарды қауіпсіз кесіп өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрылғы түнде дыбыс деңгейін 50% автоматты түрде реттейді» - деп, түсіндірді жоба әзірлеушісі Анар Нұрмахан.

Соңғы жаңалықтар