Талдықорғанда оқушы қыз 16-қабаттан құлап көз жұмды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Оқиға 16 мамыр күні кешкі жеті шамасында, Болашақ шағынауданында болған. Жасөспірім 16-қабаттан секіріп, көз жұмды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, марқұм қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған. Анасының айтуынша, бойжеткен өзін жайсыз сезініп, үйінде ауырып жатқан.

суициды
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

«Сабақ үлгерімі жақсы, мінезі тұйық, сыныптастарынан оқшауланып жүретін, мектепішілік есепке алынбаған. 21 мамыр күніне ҰБТ тапсыруға тіркелген. Әлеуметтік жағдайы орташа, көпбалалы отбасы, отбасындағы 4-ші бала. Сабаққа келмеген күндеріне денсаулығына байланысты анықтама әкелетінін ескерткен», — дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қыздың көпқабатты үйден құлау фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу басталған.

«Сотқа дейінгі тергеу деректері Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — деді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар