Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. 

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті
Фото: Александр Павский/Kazinform агенттігі

Жол апаты көліктегі бейнетіркегішке жазылып қалған. Кадрлардан жоғары жылдамдықпен келе жатқан жедел жәрдем көлігінің қиылыстан өтпек болған жеңіл көлікке қалай соғылғанын көруге болады.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 6 қазан күні Ескелді би мен Сланов көшелерінің қиылысында болған.

«Volkswagen Vento» көлігі мен жедел жәрдем соғылды. Апат салдарынан жеңіл көліктегі екі адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша қалалық полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деп атап өтті ведомстводан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы (@almaty.kris.p)