Талдықорғанда жоғалған 14 жастағы қыздың мүрдесі табылды

жоғалған қыз
Фото: Pixabay

Талдықорғандық Карина Дарохинаның жоғалғанына үш айға жуықтаған. Осы уақыт аралығында оқушы қызды іздеуге еріктілер мен полиция жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Бұған дейін жоғалған қыздың анасы мен өгей әкесінің күдікке ілінгені туралы жазылған болатын.

Бүгін облыс полицейлері жасөспірімнің мүрдесін тапты. Каринаның анасы мен өгей әкесі қылмыс жасағандарын мойындап, қыздың денесін көмген орынды көрсеткен.

- Екі ай бұрын жоғалған оқушы қыздың мүрдесі Талдықорған қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Текелі тауынан табылды. Оны отбасылық жанжалдан кейін анасы мен өгей әкесі өлтіріп, жансыз денені автокөлікке салып әкеткен. Осы уақыт аралығында Айсабакиевтер өтірік мәлімет беріп, іздеу жұмысына және тергеу барысына да кедергі келтірді. Қазір олар уақытша ұстау орнына қамалды, - деп хабарлады облыстық полициядан.

Соңғы жаңалықтар