Талдықорғандағы кәсіпорынға 24 мың тонна қоқыс қабылдағаны үшін 2,3 млрд айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату қызметін көрсететін кәсіпорын міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғанын анықтады – деп жазады Жетісу облысының прокуратурасы.

қоқыс
Фото: freepik.com

Кәсіпорын 2020-2023 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына қызмет көрсеткен. Есепке сәйкес кәсіпорын осы кезеңде полигонда 24 мың тонна көлемінде тұрмыстық қатты қалдықтар қабылдан. Тексеріс барысында 41 контрагент анықталып, полигонға 138 мың тоннадан астам қоқыс тасымалдағаны белгілі болып отыр.

Бұл Кәсіпорынның ресми есептерінде көрсетілген көрсеткіштен 114 мың тоннаға артық.

Қадағалау актісіне сәйкес Кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-бабының 1, 6-бөлігі бойынша қалдықтарды жинақтау және қоршаған ортаға эмиссиялар шығарындыларының лимиттерін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпорынға 2,3 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынды.