Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішінің тұғыры алынып тасталды

талдықорған
Фото: Ақорда

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Талдықорған әкімдігі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын не себепті алып тастағандарын түсіндірді.

«Талдықорған қаласының орталық алаңында бұзылған ескерткіштің тұғыры қаланың сәулеттік келбетін қашырып тұрды. Осыған байланысты бөлшектеліп алынып, тасталды. Оны қалпына келтіру немесе оның орнына басқа да мәдени нысан салу жоспарда жоқ», - деп жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, ескерткіш 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде қираған болатын.

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған ескерткіш 2016 жылы орнатылған еді.

Соңғы жаңалықтар