«Талдыкөл» толық жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда түбіндегі «Талдыкөл» су жинақтағышты жою толық аяқталды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясында елорда әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Талдыкөл» толық жойылды

«Біз «Талдыкөл»  су жинақтағышын жоюды аяқтап, тазалау құрылғысын толық іске қостық. Су тазаланғаннан кейін «Нұра-Есіл» арнасы арқылы Есіл өзеніне құйылуда. Тельман ауылында сорғы станса салып, индустриалды паркке дейін құбыр тарттық. Индустриалды паркте су қоймасының құрылысын аяқтадық. Ендігі уақытта ЖЭС-2 мен ЖЭС-3-ке  техникалық суды Есілден аламыз», - деді ол.

null 

Қосман Айтмұхаметовтің айтуынша, Астананың ластану индексі 4,91 бірлікті құрады. Бұл ластанудың төменгі деңгейімен сай келеді. Сондай-ақ судың ластануын да 2,27 бірлікке дейін төмендетілді.

Еске салайық, Талдыкөл 1970 жылдан бері сарқынды суларды жинақтағыш болып табылады. Ұдайы ағып тұратын сарқынды сулар оның табиғи жағасын шайып кеткен. 1969 жылы көлдің айналасына жасанды бөгет салынып, ол Целиноград қаласының кәріздік тазарту құрылыстарының бір бөлігіне айналды. Бүгінде Талдыкөл әлі де Астана қаласының тазартылған сарқынды суларын аккумуляциялауға арналған сыйымдылық болып табылады. Оның көлемі  65,5 миллион текше метр суды құрайды.