Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚазАқпарат- Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсет Масабаев 1985 жылы туған. Алматыдағы Энергетика және байланыс институтының, Экономика және құқық Академиясының, Мәскеу қаласындағы ресейлік Халықтар достығы университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциясында» электромонтер болып бастаған.
2008 жылдан 2010 жылдары «Наз» ЖШС-де бас энергетик, «Алмаз және КЮС» ЖШС-де техникалық директор болып жұмыс істеген.
2010 жылдан 2013 жылдары Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жетекші маманның міндетін атқарушыдан энергия,жылумен қамту бөлімінің бастығына дейінгі жолдардан өткен.
Әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болған.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған.


Соңғы жаңалықтар