07:25, 22 Қараша 2018 | GMT +5
Талдықорған қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қараша күні Қазақстанның қалаларының басым бөлігінде ауа сапасы жақсы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Талдықорған қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.