Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінің ауласынан граната табылды
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінің ауласынан граната табылды.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, граната №2-ші ықшам ауданда орналасқан №10 орта мектептің ауласынан тамыздың 4-і күні табылды.
Ішкі істер департаменті келіп түскен ақпаратқа сәйкес арнайы іс-шараларын жүргізіп, табылған зат Ф-1 маркалы оқыту мақсатындағы граната екендігін анықтады.
Граната жойылу үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің саперларымен алынды.