Талдықорған қаласының әкімі оқушыларға сәттілік тіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтті. Жетісудың бас қаласында жалпы орта білім беретін 28 мектеп бар. Онда 29 990 оқуші білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Білекті бірді, білімді мыңды жығады деген қанатты сөз бар қазақта. Болашақта қандай азамат болатындарыңыз сіздердің бүгінгі білімге деген көзқарастарыңызға байланысты болады. Сондықтан, жаңа оқу жылында жаңа табыстар тілеймін. Білім көкжиектеріңіз ұлғайып, ғылымға деген құлшыныстарыңыз арта берсін!», - деді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларын арнайы құттықтай келген Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев.
null 

 Қала әкімі атап өткендей, бүгінде Талдықорғанда оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін 60-тан астам үйірмесі бар Оқушылар сарайы салынған. Қазіргі кезде 300 орындық музыка мектебінің құрылысы жүріп жатыр. «Міне мұның барлығы сіздер үшін! Болашақта рухани жағынан мықты, ұлтжанды азаматтар өсіру үшін жасалған жағдай», - деді қала әкімі.
null 

Талдықорғандағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің табалдырығын биыл 60 бүлдіршін аттап отыр. Білім ордасында 900-ге тарта оқушы бар. Мектеп 7 жыл бұрын іске қосылған. Бүгінде дәл осы қара шаңырақтан шыққан 70 түлек Назарбаев университетінде білім алып жатса, 53 түлек әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарында оқып жүр.

Салтанатты жиын барысында оқу ордасының жаздағы олимпиадалар мен өзге де білім сайсында топ жарған оқушылары марапатталды.

Соңғы жаңалықтар