Талдықорған маңында 24 жастағы ер адам ірі көлемде есірткімен ұсталды
Талдықорған қаласының маңында Алматы облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып ауыр есірткінің ірі партиясын тасымалдаған ер адамды ұстады.
17 шілде күні Алматы-Өскемен тас жолында полиция қызметкерлері Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған Daewoo Lacetti көлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары көлікті тексеру барысында синтетикалық есірткіге жататын төрт полиэтилен пакетке салынған 2 кг мефедронды тапты.
«Қазіргі таңда көліктің 24 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды» - деді Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы, полиция полковнигі Қазбек Мухамедов.