Талдықорған маңында 66 жастағы зейнеткерді көлік қағып, мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тас жолының 203-ші шақырымында зейнеткерді көлік қағып, мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 14-қыркүйек күні Көксу ауданының Айнабұлақ ауылының маңында болған.
«39 жастағы ер адам «Митсубиси Делика« көлігін жүргізіп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 66 жастағы зейнеткер оқиға орнында мерт болды. Ол жаяу жүргіншіге арналған жолақтан өтіп бара жатқан. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу басталды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.