Талдықорған маңында Су-27 ұшағы апатқа ұшырады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған маңында Су-27 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған маңында Су-27 ұшағы апатқа ұшырады

Қорғаныс министрлігінің өкілі Серік Боранбаевтың ҚазАқпарат тілшісіне берген мәліметі бойынша,  ұшақ нақты Талдықорған қаласына жақын қай аймақта құлағаны белгісіз. 

Министрліктің ресми мәлімдемесіне сәйкес, 21 желтоқсан күні түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде авиациялық қақтығыстың салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор А. Ысқақов барынша күш-жігерін салып, ұшақты елді мекеннен әрі қарай бұрып жіберді. Одан кейін қарғып түсу әдісін қолданды.

Қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Қақтығыстың себептері мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтауда. Майор А. Ысқақовтың күндізгі және түнгі уақыттағы жалпы ұшып өтуі 556 сағатты құрайтынын айта кеткен жөн.