Талдықорған нысандарын басып алғандарға 100 доллардан бергендер анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда мемлекеттік нысандарды басып алу қатысушыларын қаржыландырғандар анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қатысушыларын анықтау қадамдарына тоқталған Е. Қилымжанов: «Алматы облысында «О» және «Н» есімді азаматтар анықталды, олар Талдықорған қаласында қиратулар, азаматтардың мүліктерін жою және мемлекеттік объектілерді басып алу қатысушыларын қаржыландырған. Әрбір қиратушыға қатысқаны үшін 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төленген», - деді.

Осы орайда ол бұл фактілер тергеу барысында анықталғанын және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін күдікке ілінген адамдардың жауаптарымен расталғанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасына қатысты сот санкцияларымен 627 күдікті адам қамауда отыр.


Соңғы жаңалықтар