Талдықорған және Орал қалалары «ОҢАЙ» жүйесін енгізуге қызығушылық танытып отыр - Садир Хамраев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Талдықорған және Орал қалалары «ОҢАЙ» жүйесін енгізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы «ASTEX Astana Smart City 2016: «ақылды қала» бақытты өмір үшін» атты Халықаралық форум-көрмесі аясында «Алматы қаласында электронды билет жүйесін енгізудегі тәжірибе. Басқа қалаларға «ОҢАЙ» жүйесін енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС-нің уақытша атқарушы директоры Садир Хамраев айтты, деп хабрлайды «ҚазАқпарат».

Талдықорған және Орал қалалары «ОҢАЙ» жүйесін енгізуге қызығушылық танытып отыр - Садир Хамраев

«Алматы қаласында «ОҢАЙ» жүйесі бір жыл ішінде енгізіліп, сәтті әрі толыққанды жұмыс жасап отыр. Бүгінгі таңда Талдықорған және Орал қалаларының өкілдерімен келісімшарттар жүргізіліп, аталған қалаларда жолушыларды тасымалдау саласына жүйені енгізудің егжей-тегжейі қарастырылып жатыр », - деді ол.

Аталған форум-көрме Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ, «Астана-Innovations» АҚ ұйымдастыруымен өтті.