Талдықорғанда 10 рет сотталған ер адам үй тонады деген күдікпен тағы ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда аса қауіпті рецидивист ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорғанда Батыс ҚПБ кезекші бөлімінде ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жеке үй иеліктеріндегі ұрлықтың бірнеше дерегі тіркелген. Оңай олжаны жақсы көретін азамат, үй иелері кеткен сәтті күтіп, түрлі жолдармен үйге кірген. Негізінен ол ашық қалған есіктер, құлыптарды бұзу және терезені шағу арқылы жеке иелікке енген. Ұрланған мүліктің ішінде әртүрлі тұрмыстық техника, азық-түлік және велосипед сияқты түрлі заттар бар, жалпы алғанда, әртүрлі модификациялардың саны 10-ға жуық.

«Қылмыстың жасалуы, іздері мен куәгерлердің болмауы ұрлықты тәжірибелі ұры жасаған деген ойға әкелді. Түрлі нұсқаларды пысықтап, криминалдық полиция қызметкерлері көптеген күдіктілерді тексерді. Ақырында он рет сотталған аса қауіпті рецидивист — Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғынын анықтады»,- дейді Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ бастығы полиция майоры Айдын Аденбаев.

Азамат алғаш рет заңға қайшы әрекетін 15 жасында жасаған.Содан бері ол темір тордың артында 35 жыл өмірін өткізген. Ол негізінен ұрлық жасағаны үшін, бір рет ауыр дене жарақаты үшін сотталған. Ол 2020 жылдың ақпан айында түрмеден босап шыққан.

«Бүгінгі күні күдіктінің 12 эпизодқа қатыстылығын дәлелдей алдық. Біз ұрланған заттардың бір бөлігін тауып, заңды иелеріне қайтардық, ал қалған бөлігін күдікті сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Тәжірибелі жедел уәкілдерден құралған біздің топ лайықты жұмыс көрсетті және барлық 12 деректі дәлелдеп, оны әшкереледі. Күдікті қамаққа алынды.Оның өңірдегі және облыс аумағындағы ашылмаған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде»,-деп толықтырды полиция майоры Айдын Аденбаев.

Барлық 12 жәбірленуші қауіпті қылмыскерді ұстағаны үшін полиция қызметкерлеріне жылы лебіздерін айтып, шын жүректен алғыстарын білдірді.


Соңғы жаңалықтар