Талдықорғанда 17 жастағы жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорғанда көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден әйел адамның мүрдесі табылды. Қазір күдікті ретінде марқұмның ұлы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда 17 жастағы жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Оқиға өткен тәулікте болған. 1975 жылғы әйелдің мойын және бүйрек тұсына пышақ жарақаты салынған.
Құзырлы органның мәліметінше, күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр. 2001 жылғы бала өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген.

Бейресми мәлімет бойынша, 17 жастағы күдікті қаладағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқиды.