Талдықорғанда 20 жастағы қыз жоғалып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 15 мамыр күні Жұмагүл Қайырбекова есімді қыз үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Қазір 20 жастағы бойжеткенді ата-анасы мен жақындары іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда 20 жастағы қыз жоғалып кетті

1998 жылы туған тұрғынның жоғалғандығы жөнінде жергілікті блогер Қайрат Абдрахман өзінің  әлеуметтік желідегі парақшасында  жариялады. Жоғалған қыздың бойы  шамамен 174-175 см, орта денелі.

«Егер кімде кім суреттегі адам туралы қандай да бір ақпарат білетін болса жедел түрде 102  немесе 8 705 770 04 38, 8 707 149 72 51 номерлеріне хабарласуға болады», - делінген хабарламада.