Талдықорғанда 3 жасар бала бас жарақатынан көз жұмды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 3 жасар баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен Талдықорған қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.

12 қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер балаға басы жарақаттанған деген диагноз қойған.
Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын осы баланы қарап баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қызды УҰИ қамауға алды, бірақ кейінірек қалалық сот күдіктіге «үй қамағы» санкциясын берді.
Осы факті бойынша сараптама тағайындала отырып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) негізінде жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.


Соңғы жаңалықтар