Талдықорғанда 46 жастағы жеңгетай жезөкшелер притонын ұйымдастырған

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында «жеңгетай» мен интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық полициясының жедел уәкілдері Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде әкімші болып жұмыс істейтін 46 жастағы «жеңгетайды» ұстады.

Арнайы операция 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өткізілетін «Стоп-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.

Заңсыз әрекетпен айналысқан әйел притон ұйымдастырып, ақшалай сыйақыға «жеңгетайлық» еткен. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Сонымен қатар, қонақ үйді тексеру кезінде құқық қорғау қызметкерлері үш жезөкшені ұстап, есепке алды.

«Олар - 29 жастағы Алматы, 30 жастағы Текелі қаласының және Батыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғындары болып шықты. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жария етілмейді»,- делінген Алматы облыстық полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар