Талдықорғанда Алау эстафетасы Спорт сарайына жеткізілді
ДЫҚОРҒАН. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Күннің екінші жарытысында Талдықорған қаласында Алау эстафетасының екінші сатысы өтті. Оны грек-рим күресі бойынша Атлантада өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы Юрий Мельниченко бастады.
Алауды алып өткен адамдар орталық алаңнан бастап, Тәуелсіздік көшесінен «Жастар» сарайына дейін әртүрлі көлікпен, атап айтсақ, атқа, түйеге, велосипедке, автокөлікке мініп Алау эстафетасын жалғастырып отырды.
Алау эстафетасының аясындағы барлық іс-шараларды ұйымдастыру үшін облыс бюджетінен 22 млн. теңге бөлінген.
Аймақтағы ойын алауын барлығы 60 адам алып жүгірді.
Алматы облысынан Азиада ойындарына 3 спортшы қатысады.