Талдықорғанда алғаш рет республикалық пікір-сайыс турнирі өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет ««Тіл-рухани жаңғыру тетігі» тақырыбында пікір-сайыс турнирі өтті. Шараға еліміздің әр өңірінен 20 команда қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда алғаш рет республикалық пікір-сайыс турнирі өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған шешіндік өнер сайысында тіл мәртебесі көтеріліп, латын әліпбиіне көшу мәселесі тақырыпқа арқау болды. Пікірсайысшылар екі күн бойы өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жолдарын талқылады. Шешендік өнер мен тіл байлығын дамытатын сөз сайысында Астана қаласы мен Жамбыл облысының командалары топ жарды. Жеңімпаздарға басқарма басшысының алғыс хаттары мен қаржылай сертификаттары табысталды.