13:19, 20 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Талдықорғанда әмиян ұрлаған келіншектің әрекеті видеоға түсіп қалды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда әмиян ұрлаған келіншектің әрекеті видеоға түсіп қалды. Қазір күдіктінің кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, күдікті келіншек бұған дейін де осыған ұқсас әрекет жасап, бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған. Қазір әмиянды ұрлаған әйелді іздестіру шарасы жалғасуда. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабына сәйкес іс қозғалды. Бейнежазбаға түскен кадрда көзіне көзілдірік киген келіншек өзгенің сөмкесін ашып, әмиянды жымқырып кеткені анық көрінеді. Қас-қағым сәтте затын ұрлатып алған талдықорғандық тұрғынның әмиянында 8 мың теңге болған.