Талдықорғанда «Astana Arlans» клубы Өзбекстан боксшыларымен күш сынасуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Осы уақытта «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы Талдықорғанда өтіп жатқан матч барысында Өзбекстан елінің «Uzbek Tigers» командасымен күш сынасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.     
None
None

Бұған дейін «арландар» - Олжас Сәттібаев (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі) мен Асланбек Шымбергенов өз қарсыластарын жеңген болса, жана ғана аяқталған жекпе-жекте отандасымыз Нұрдәулет Жарманов Бектемир Меликузиевтен ұтылып қалды.

Нұрдәулет Жарманов 81 келі салмақта күш сынасты. Әуесқой бокста жүріп 2013 жылы Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізген. Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанған.

Оның қарсыласы 2015 жылғы Азия чемпионы. Бектемир Меликузиев сол жылы әлем чемпионатында да күміс медальді мойнына тақты. Былтыр Рио Олимпиадасында финалға дейін жетіп, нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты. Ол 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. WSB жобасында бір жекпе-жек өткізген. Былтыр сәуір айында ресейлік Александр Агафоновқа қарсы ойнап, ұтылып қалған болатын.

Қазір аса ауыр салмақтағы алыптардың айқасы өтуде. Бұл кеште жанкүйерлер «арландар» сапынан Қамшыбек Құнқабаев (+91 келі) пен өзбек командасынан Баходыр Жалоловтің өнерін тамашалауда.

Айта кетейік, осыған дейінгі 3 жекпе-жектің барлығы да «Astana Arlans»-тың жеңісімен аяқталғандықтан, отандық боксшылар бұл кездесуде алдын ала жеңіске жетіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар