Талдықорғанда ауыр атлетикадан Азияның кезекті чемпионаты өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 11-і мен 15-і аралығында Талдықорғанда ауыр атлетикадан Азияның кезекті чемпионаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұл әйелдер арасындағы 21-ші, ал ерлер арасындағы 40-шы құрлықтық біріншілік болмақ. Мамырдың 10-ы күні сағат 18:00-де Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі болады. Жарысқа Азияның 25 елінен ауыр атлетиканың өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр», делінген ҚР Туризм және спорт министрлігінің Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында. Біріншілікті ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ауыр атлетика федерациясы және Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырғалы отыр.