Талдықорғанда азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Құзырлы орган қызметкерлері халыққа қолайлы жағдай туғызып, барлық кедергілерді алып тастады. Жаңа орталықта енді күнделікті кезекші прокурор қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді белгіленген кестеге сәйкес облыс прокурорынан бастап, барлық орынбасарлары, басқарма және бөлім басшылары азаматтарға қабылдау жүргізіп, құқықтық кеңестер береді.

«Бұл тек бастамасы болып келеді. Жақын арада облыс әкімдігімен бірге біз құқық қорғау қызметінің орталығын ашу жоспарлануда. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейін сол жерде көрсететінімізге кәміл сенеміз. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облыстық прокуратурасының 1-ші басқарма прокуроры Данияр Мұхияев.

Айта кету керек, жалпы жыл басынан бері облыстық прокуратураға 11 мыңнан астам арыз келіп түскен. Олардың 5 мыңға жуығы қылмыстық істерді жүргізу барысы бойынша шағымданған.

Соңғы жаңалықтар
telegram