Талдықорғанда биыл көпқабатты 11 үй бой көтереді

ТАЛДЫҚОРҒАН.  ҚазАқпарат - Биыл Талдықорғанда  жалпы аумағы 80 мың шаршы метр болатын 11 үй салу жоспарланып отыр. 

Талдықорғанда биыл көпқабатты 11 үй бой көтереді

Бүгін бұл жөнінде Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев мәлім етті деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
null  

Өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп берген шаһар басшысының айтуынша, алдағы уақытта құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Әлеуметтік нысандар құрылысы да назарда болады.

Айта кетелік, қазір қалада жаңа драма театр, көрме кешені мен салтанат сарайының құрылысы жүріп жатыр. Биыл қалада 2 жаңа орта мектеп пен 1 музыка мектебінің құрылысы басталмақ. Қалалық бассейн маңындағы құрылысы аяқталмаған нысанды «Азаматтарға арналған үкімет» жобасы аясында әкімшілік орталыққа айналдыру көзделген.

Талдықорғанды газдандыру бағытында да жұмыстар басталды. Биыл қалада шеткері орналасқан 70-ке тарта көше ағымдағы жөндеуден өтпек.  
null