Талдықорғанда букмекерлік кеңсені тонағандар ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда букмекерлік кеңсеге баса көктеп кіріп, кассадан ақша ұрлағандар қолға түсті. Қазір екі азамат күдікті ретінде тергеліп жатыр. Біреуі бұған дейін ұрлық жасап, істі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жəбірленуші кассир əйелдің сөзінше, жүздерін бетпердемен жасырған екі азамат қарумен кеңсеге келіп, ақша талап еткен. Кассадағы 48 мың теңгені қолды қылған.
«Кассаны тонағандарды іздеу жұмыстары бір аптаға жуық уақыт жалғасты. Күдікті ретінде екі азамат қолға түсті. Екеуі де 28 бен 30 жас аралығындағы Талдықорған қаласының тұрғындары. Біреуі бұған дейін ұрлық жасап, істі болған»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Қазір қарақшылық жасады деген күдіктілер қамауға алынды. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Айғақ зат ретінде іске бетперделер тіркелді.